Ақмола облысында шахтадан екі ер адамның денесі табылды
© Сурет: polisia.kz
Ақмола облысы, Бестөбе ауылындағы жергілікті шахта аумағында арасына бір күн салып, екі ер адамның денесі табылды. Бұл фактілер бойынша құқық қорғау органдары тергеу шараларын қолға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шахтадағы кісі өлімі туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарай бастады. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, қайғылы оқиғаның алғашқы мәліметтерін жария етті.
"14 және 15 қазанда Бестөбе ауылындағы шахталардың бірінің аумағынан екі ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар нысанның аумағына заңсыз кірген", деп хабарлады ПД баспасөз қызметі 2026 жылғы 15 қазанда Zakon.kz тілшісіне.
Аталған екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның нақты хронологиясын қалпына келтіру және барлық мән-жайды анықтау үшін кешенді тергеу шараларын жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Қызылордада шетелдік көлік қолында нәрестесі бар әйелді қағып, оқиға орнынан ізін суытқаны хабарланған. Сәби ауруханада көз жұмды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:09, 15 қазан 2026
Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты
-
22:54, 15 қазан 2026
Семейде өз баласын тірідей қоқыс жәшігіне тастаған әке сотталды
-
21:56, 15 қазан 2026
Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Ереванға барды
-
21:38, 15 қазан 2026
«Улану белгілері бар». Төрт павлодарлық оқушы мектепте өзін жайсыз сезінген
-
21:28, 15 қазан 2026
«Көктайғақ болып, үсік жүреді». Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды





