Кентауда дәмханада жарылыс болып, бір адам қаза тапты
© Фото: zakon.kz
Кентау қаласында ойын-сауық мекемесінде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға Жаңа жылды тойлау кезінде, 2026 жылдың 1 қаңтарына қараған түні болды.
Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыстан кейін өрт болды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнында өрт шықты. Отқа оранған дәмхана көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан.
"Қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, соның салдарынан өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау жедел түрде ауыздықталды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров оқиға орнына келіп, жауапты қызметтермен жедел кеңес өткізіп, жағдайды жеке бақылауына алды. Жедел штаб құрылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:11, 1 қаңтар 2026
Қарағанды облысында қыстақтан шығып, қарлы боранда адасып кеткен екі адам аман-есен табылды
-
17:11, 1 қаңтар 2026
Қарағанды облысында қыстақтан шығып, далада адасып кеткен екі адам аман-есен табылды
-
16:45, 1 қаңтар 2026
2026 жылғы Жердегі алғашқы магниттік дауыл 3 қаңтарда түнде болатыны болжанады
-
16:03, 1 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Куба президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
15:53, 1 қаңтар 2026
«Қар жауып, боран соғады». Синоптиктер 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады





