17 жастағы Дастан Сәтпаев алғаш рет сүйіктісін көрсетті

16:11, 31 желтоқсан 2025

© Сурет: Instagram/d.satpayev

"Қайрат" футбол клубы мен Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев сүйіктісімен түскен суретін желіде алғаш рет жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Футболшы бұл суретті 2025 жылғы 30 желтоқсанда Instagram парақшасына жүктеген. Болашағынан үміт күттіретін спортшының жеке өмірі туралы әзірге көп мәлімет жоқ.

Сурет: Instagram/d.satpayev

Жарияланған кадрда Сәтпаев пен оның сүйіктісі тау шаңғысы курортында тұрғаны байқалады. Алайда екеуінің де бет-әлпеті шарф пен көзілдірікпен жабылған.

Бұған дейін қазақстандық ММА шебері жанкүйерлерін жұмбақ суреттерімен дүрліктіргенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!