Жамбыл облысында 500-ден аса петроглиф мемлекет қорғауына алынды
© Фото: Zakon.kz
Тарихи жәдігерлер Байзақ ауданы Ботамойнақ тауындағы Қарасай шатқалынан табылған. Археологтардың сөзінше, тастағы таңбалар 5 мың жыл бұрын салынған.
Мамандар "алғашқы адамдардың бұл туындысы аса құнды" дейді. Жартастарда аңдардың бейнесі мен адамдардың аңшылық тәсілдері бейнеленген. Оларды кез келген турист көре алады, деп жазады Аlmaty.tv.
Ол үшін ақпараттық тақталар орнатылып, қырға шығар арнайы сатылар да қойылған.
Айта кетейік, облыста таңбалы тастары бар 100-ге жуық тарихи нысан көптің назарына ұсынылған.
"Келешектегі ізденістер нәтижесінде тарихи орындардың ашылатындығына кәміл сенеміз. Қарасай петролгифтері Қола, Ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштер. Суреттер арқылы олар өздерінің ішкі дүниесін, қоршаған ортаға деген көзқарасын, дүниетанымын жеткізуге тырысты", – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байғұнақов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:15, 28 қараша 2024
Қызылордада қоғамдық орындарды ластаған тұрғындар айыппұл арқалады
-
17:55, 28 қараша 2024
Екібастұзда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
-
17:41, 28 қараша 2024
Астана соты Бишімбаевқа қатысты тағы бір істі қарады
-
17:41, 28 қараша 2024
Астана сотында Бишімбаевқа қатысты тағы бір іс қаралды
-
17:32, 28 қараша 2024
Атырау облысында мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдағандарға 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды