Жамбыл облысында Атлах шайқасы өткен жердің орны табылды

12:26, 19 қаңтар 2025

© Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Жамбыл облысында араб пен Қытай империясы арасында болған Атлах шайқасының орыны табылды. Бұл дүние жүзі тарихындағы ең ірі жеті соғыстың бірі саналады. Бұған дейінгі жазба деректерде қақтығыстың Тараз маңында өткені айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірақ ешқандай қазба, зерттеу жұмыстары жүргізілмеді. Енді жергілікті билік соғыс шекарасын белгілеп, Атлах алаңын туристік нысанға айналдырмақ. Бесағаш - Тараздан 15 шақырым қашықта орналасқан ауыл. Жергілікті тұрғындар мал бағып, егін салып жүргенде көптеген көне жәдігерлерді тауып алатын. Осыған байланысты археолог-тарихшылар маңайды соңғы жыл бойы зерттеді. Сөйтіп, бұл Атлах шайқасы болған жер, деген шешімге келді. Әлем тарихшыларының пікірінше, адамзат тарихындағы ең үлкен шайқастардың бірі Атлах қақтығысы осы Бесағаш ауылың маңында болған дейді. Бұған тағы бір дәлел осы жерден табылып жатқан жебе садақ және қылыш сынды қалдықтар. Сондықтан жергілікті билік қазір осы жердегі 400 гектар алқапты шегендеп, алдағы уақытта қазба жұмыстарын жүргізбек. Тарихи деректерде 751 жылы қытайдың қалың қолы мен арабтың атты әскері Талас өзені бойында кездескен. Кеcкілескен шайқастың 5-күнінде түркілер арабтарға болысып, жеңісті алып берді. Осыдан соң Таң патшалығы 1000 жылға дейін Қазақ жеріне аттап баспады. Ал Орталық Азияның тарихы мен мәдениетінде үлкен өзгерістер болды, деп хабарлайды 24KZ.

"Мағдисидің жазбасына "осы жерде 45 мың адам өлді, қытайлардан 20 мың адам толық тұтқынға түсті" деген ақпарат беріледі. Бұл деректі тағы екінші дәлелдей кететін қытайдың өзінің 24 бума деген жазбалары бар. Алғашқы кезекте Бесағаш қаласының аумағы анықталады. Әскери қару-жарақ табылған материалдардың бәрі толық сынамадан өтеді. Оның барлығы бізге әскери қарудың қау уақытта пайдаланылғаны қай әскерге тиесілі екені қай мемлекеттікі және қандай металлдан жасалғаны туралы көптеген ақпарат қолымызға ұстатады".Қуаныш Дәуренбек, тарихшы-зерттеуші

Бұған дейін аумақтан 7-ғасырға тән жебе ұштары мен семсер де табылған. Бұл тарихшылардың сенімін одан ары арттырып, жергілікті биліктің қаржы бөлуіне түрткі болды. Биыл аймақ бюджетінен Атлах алаңын зерттеуге 25 млн теңге бөлініп отыр. Қазба жұмыстары сәтті болса, алаң ашық аспан астындағы музейге айналады.

"Бұл шайқастың тағы бір маңыздылығы Ислам өркениетінің осы жерден бастау алуы. Талас шайқасының осы Талас өзенінің жағасынан бастау алуы. Бұл деген біздің өңірге осыны дамытқан жағдайда біздің өңірге тиімділігін, серпінісін береді. Әлемге паш еткізетіндей дәрежеге жеткізіп жатсақ онда туризмнің дамуы қолға алынатын болады".Серік Сәлемов, облыс әкімінің орынбасары

Араб жұртшылығы Атлах шайқасын жақсы біледі. Бірақ бұған дейін ата-бабасының соғысқан тұсы белгісіз, майдан даласында бір белгі болмағандықтан келе бермейтін. Енді тарихи кешен ашылса, араб пен түркі әлемі ағылатын туристік орынға айналмақ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!