Қосшы маңындағы ауылда жеке үйде газ жарылып, бір адам зардап шекті
© Сурет: ssmp14.ru
Тайтөбе ауылында жеке үйде газ жарылып, өрт болған кезде зардап шеккен 16 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, үйде шығып қалған газ ауа қоспасымен араласып жарылыс болған, сөйтіп өрт басталған.
ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткенде өрт үйдің шатырына жетіп алған.
"Өрттің ауданы 120 шаршы метрді құрады. Ақмола облысы мен Астана ТЖД қызметкерлерінің жедел және үйлесімді іс-қимылының арқасында өртті қысқа мерзімде жоюға және оның үлкен аумаққа таралуына жол берілмеді", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Өрт кезінде күйік шалған және шұғыл ауруханаға жатқызылған 16 жасар жасөспірім зардап шекті. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалайды.
2025 жылдың 19 қаңтарында Алматыда әл-Фараби даңғылында жол апаты болды. 20 жастағы Toyota жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тротуарға шығып кетіп 39 жастағы әйелді қақты. Апат салдарынан ол оқиға орнында жан тапсырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 19 қаңтар 2025
ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол тағы да жабылғалы жатыр
-
17:33, 19 қаңтар 2025
«Боран, тұман, көктайғақ». Астана мен еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
13:46, 19 қаңтар 2025
«Сенбеңіздер, қайтып келе жатырмыз алданып!». Алматылық жігіт Ресейде құлдыққа түсе жаздаған
-
13:27, 19 қаңтар 2025
Алматыдан 364 шақырымда жер сілкінісі болды
-
13:14, 19 қаңтар 2025
«Ұйықтап жатқанда шетінен бауыздаған»: Астанада кісі өлтірді деген күдікпен жас жігіт ұсталды