АҚШ-та TikTok бұғатталды
© Сурет: pixabay
АҚШ-та 2025 жылдың 19 қаңтарынан бастап күшіне енген америкалық биліктің тыйымына сәйкес, TikTok -та қысқа видеоларды орналастыру және оны көрсету қызметі бұғатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС мәліметінше, аталған қызмет Apple онлайн дүкенінен алынып тасалған және қолданбаның өзіне кіруге тырысқанда мынандай хабарландыру пайда болады:
"TikTok-қа тыйым салатын заң АҚШ-та күшіне енді. Өкінішке қарай, бұл сіздің, әзірге TikTok-ты пайдалана алмайтыныңызды білдіреді".
2024 жылдың сәуірінде АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден "платформа 2025 жылдың 19 қаңтарына дейін америкалық компанияның қарамағына өтуі керек" деген заңға қол қойды, әйтпесе оның елдегі жұмысына тыйым салынатыны да ескертілген. АҚШ билігі Қытай үкіметі пайдаланушы деректерін талап етуі немесе үгіт-насихат мақсатында қосымшаны қолдануы мүмкін деп қауіптенеді. Алайда, TikTok басшылары бұл алаңдауға негіз жоқ екенін айтып, оны бірнеше рет жоққа шығарды. 2025 жылдың 17 қаңтарында АҚШ Жоғарғы соты ByteDance қытайлық компаниясы оны америкалықатарға сатпаса, АҚШ-тағы TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салу заңды болатынын растады. Сот хабарламасында "егер 19 қаңтарға дейін америкалық бөлімшесі сатылмаса, онда осы күннен бастап АҚШ-та TikTok бұғатталады" деп көрсетілген.
Алдында АҚШ-тың қайта сайланған президенті Дональд Трамп АҚШ-та бұғатталмақ TikTok тағы 90 күнге мүмкіндік ала алатынын мәлімдеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





