Қазақстан әуежайларында шекаралық бақылауды жеңілдету жоспарланып отыр
© Сурет: Zakon.kz
Қазақстан әуежайларында шекаралық бақылаудан өту тәртібін ыңғайлы әрі жеңілдету жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті бұйрық жобасын Көлік министрлігі дайындады.
Құжат ұшу және ұшып келудегі шекаралық бақылау кезінде жолаушының рәсімнен өтуінің қарапайымдылығы және жылдамдығына қатысты.
Бұл үшін келесі шараларды қабылдау ұсынылады:
- Шекара қызметімен келісілген ұшу/қону кезінде жолаушылардың рәсімдерді өту уақытын реттейтін әуежайда стандарттың болуы;
- Бақылаудан өтуге дейін жолаушылар үшін рәсімдерді өту талаптары туралы қолжетімді ақпараттың болуы;
- Паспорттық тексеру кезінде жолаушыларға қызмет көостеудің жылдамдығын шекара қызметімен келісу;
- Жылына бір миллионнан астам жолаушы ағыны бар әуежайларда паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің болуы әуежай пайдаланушысына жүктеледі.
Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланды және 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 18 қаңтар 2025
Астанада фитнес орталықта өрт шықты
-
19:01, 18 қаңтар 2025
Алматыда, Шымкентте және 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
18:47, 18 қаңтар 2025
Павлодарда трамвай әйелді сырып өтті
-
18:08, 18 қаңтар 2025
Қазақ қызы Трамптың инаугурациясына шақырту алды
-
17:47, 18 қаңтар 2025
Шымкентте сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады