Қара фри: Алматыдағы балабақшада балаларға күйіп кеткен картоп берген
© Сурет: КТК телеарнасы
Алматыда ата-аналар мемлекеттік балабақшада берілетін тамақтың сапасына шағымданды. Олар кеше ұл-қыздарға күйген картоп беріп жатқан кезде үстінен түскен. Оны жеген балалар өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, балалардың бірі құсып, енді бірінің іші ауырған. Ата-аналар бұған дейін де балабақша асханасынан күйіктің иісі жиі шыққанын айтады. Ал мекеме меңгерушісі мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Қазір бұл іс бойынша тексеріс жүріп жатыр.
"Кеше баламды алып кетуге келген кезде алдымнан жүгіріп шықты. "Мама, тамақ ішкенде құсып тастадым, түкіріп тастадым, оның ішінде боқ болды" дейді. "Онысы несі?" дедім. Сол жерде тамақтарды жинап жатыр екен, есік ашық тұрды. Мен ана тамақты көріп шошып кеттім. Жап-жасыл картошка, асты қатты күйіп кеткен".Тәрбиеленушінің анасы Раушан Жұрынбаева
Тілі шыққан ұл-қыздар "қара түсті фри" жегенін айтыпты.
"Немерем бұл жердің тамағын жемейді, кешке дейін аш жүреді. Тек нан жейді. Нан береді, шай береді, болды. Үйге келіп тамақ ішеді. Бұл жерден ештеңе жемейді".Тәрбиеленушінің анасы Ғалия Әбдуқасымова
Ата-аналар мән-жайды меңгерушіден білуге тырысқан. Олардың айтуынша, бейсенбі мәзірінде балаларға балықтан жасалған тағам ұсынылуға тиіс болған.
Ал меңгеруші балаларға мұндай тамақ ұсынылғанын жоққа шығарып отыр.
"Жоқ, бұл балалар картоп жеген жоқ, балаларға бұл картоп жеткен жоқ. Ол суретке түсірілген..."№166 бөбекжай-балабақшаның меңгерушісі Эльмира Атханова
Ауданның білім басқармасының басшылығы қазір тексеріс жүргізіп жатыр. Мамандар жеуге жарамсыз картоптың балаларға берілгенін камерадағы жазба да растады деп отыр. Негізі мұндай ас балабақша мәзірінде мүлдем болмауы керек екен.
"Камераның бәрін ашқандай, иә, ондай тамақ тұрды. Бір топта көрдік. Қазір білім басқармасының бұйрығымен тексеру тобын құрдық. Таңғы жетіден бастап тексеріп жатыр, қосымша екінші топ келе жатыр. Мәзірде, негізі, картоп берілмеуі керек. Сол үшін қазір бәрін қараймыз. Меңгеруші бақыламаған, кеше қарамаған".Медеу ауданы білім бөлімінің басшысы Ақнұр Нұрәлиева
Ата-аналар Е-өтініш платформасы арқылы бірнеше ведомствоға: Медеу ауданы санитария-эпидемиологияны бақылау басқармасына, Алматы білім басқармасына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне шағым жіберіпті.
Тексеру тобы мониторинг қорытындысын жақын күндері жарияламақ. Сондай-ақ ата-аналармен арнайы жиналыс өткізеді. Ал болған жағдайға кінәлілер жауапқа тартылады деп сендірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 18 қаңтар 2025
Астанада фитнес орталықта өрт шықты
-
19:01, 18 қаңтар 2025
Алматыда, Шымкентте және 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
18:47, 18 қаңтар 2025
Павлодарда трамвай әйелді сырып өтті
-
18:08, 18 қаңтар 2025
Қазақ қызы Трамптың инаугурациясына шақырту алды
-
17:47, 18 қаңтар 2025
Шымкентте сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады