Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, мерт еткен Toyota аударылып бір-ақ тоқтады

11:15, 19 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

2025 жылдың 19 қаңтарында таңертең Алматыда әл-Фараби даңғылында автокөлік аударылып, жаяу жүргінші өліміне әкеліп соқтырған жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңғы сағат 5: 30-да 20 жастағы Toyota жүргізушісі әл-Фараби даңғылы мен Қаратаев көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмаған.

"Жас жігіт жолдың солтүстік шеткі бөлігіне, бордюрға шығып кеткен. Сөйтіп ол тротуарда кетіп бара жатқан 39 жастағы әйелді соғады. Содан кейін автокөлік билборд бағанына соғылып, төңкеріле бір-ақ тоқтайды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында Бостандық ауданының полиция қызметкерлері жұмыс істеді.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Екібастұзда полиция капитаны жұмыс көлігімен жол ережесін бұзғанын жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!