Жаһандану үдерісі кейінге ысырыла бастады - Тоқаев Трамптың «ақылға сыйымды ой» стратегиясы жайлы сөз қозғады
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген ауқымды сұхбатында Трамптың "ақылға сыйымды ой" стратегиясы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тоқаев сұхбат барысында 2025 жылда айтулы оқиғалар аз болмағанын, көзді ашып-жұмғанша бір жыл өте шыққанын айтты.
"Мысалы, экономикамыз 6 пайыздан астам өсті. Ішкі жалпы өнім 300 миллиард доллар межесіне жетіп, жан басына шаққанда 15 мың доллардан асты. Бұл – елімізбен қатар, бүкіл өңір үшін рекордтық көрсеткіш. Жалпы, ойдағыдай жұмыс істелді деуге болады. Бірақ, мен барлық мемлекеттік қызметшілерге тоқмейілсіп, масайрап отыруға мүлде болмайтынын үнемі айтамын. Шығыс халықтары "Тегіс жолдың өзінде тосқауыл бар" дейді. Біз тынымсыз еңбектеніп, тек алға ұмтылуымыз керек. Оның үстіне, түйіні тарқатылмаған түйткілдер аз емес",- деді мемлекет басшысы.
Бұл – ең алдымен, инфляция деңгейінің жоғары болуы. Соның салдарынан азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға арналған еңбектің бәрі текке кетіп жатыр. Биыл Үкімет пен әкімдер мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық тұғырын нығайту үшін көп жұмыс істеуі керек.
"Дей тұрғанмен, еліміздің реформаларды жүзеге асыруға біржола бет бұрғанын өткен жылдың басты қорытындысы деуге болады. Қазақстан жаңғыру жолында қарышты қадам басып, барынша өркениетті ел бола бастады. Қоғамда өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін түбегейлі өзгеріс жасау аса маңызды екені туралы нақты түсінік қалыптасты".Президент
Осыны айта келіп, мемлекет басшысы АҚШ президенті Трамптың "ақылға сыйымды ой" стратегиясы жайлы пікір білдірді.
"АҚШ президенті Трамптың "ақылға сыйымды ой" стратегиясының ықпалымен жаһандану үдерісі кейінге ысырыла бастады. Біз де Қазақстанда әділдік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық сияқты мемлекетіміздің болашағы үшін айрықша маңызды қағидаттарға негізделген қоғам құрып жатырмыз. Ұзақ мерзімге арналған нәтижеге жету үшін бұл жұмыс жаңа жылда екі есе тың қарқынмен жалғасын табады".Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін "Turkistan" газетіне берген сұхбатының толық мәтінін жариялағанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 6 қаңтар 2026
Туристік жолдамалар мен алтын бұйымдар: Шымкентте көпті шырылдатқан күдікті әйел ұсталды
-
22:46, 6 қаңтар 2026
Венесуаладағы әскери операция Трампқа қарсы импичмент жариялауға түрткі болмақ
-
21:41, 6 қаңтар 2026
Жетісу облысында мұғалімдер шағымынан кейін мектеп директоры жұмысынан шеттетілді
-
21:28, 6 қаңтар 2026
«Тұман, боран, көктайғақ». Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:54, 6 қаңтар 2026
«Ақысын криптовалюта түрінде алған». Ақмола облысында есірткіні жасырын жерге қойып кетуші қолға түсті





