Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада – аяз бен қар, Алматы мен Шымкентте - жылымық

16:10, 6 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz

Алдағы үш күнде Астанада аздаған қар жауып, ауа температурасы -18°С-қа дейін төмендейді. Ал Алматы мен Шымкентте күн жылынып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 7, 8 және 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 7 қаңтар: ауыспалы бұлтты, аздаған қар жауады, боран болуы мүмкін. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –11…–13°С, күндіз –9…–11°С.
  • 8 қаңтар: күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел түнде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады: түнде 3–8 м/с, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде –16…–18°С, күндіз –10…–12°С.
  • 9 қаңтар: бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –12…–14°С, күндіз –7…–9°С.

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 7 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°С, күндіз +3…+5°С.
  • 8 қаңтар: күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°С, күндіз +1…+3°С.
  • 9 қаңтар: бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –5…–7°С, күндіз +3…+5°С.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 7 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде –2…–4°С, күндіз +4…+6°С.
  • 8 қаңтар: бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°С, күндіз +5…+7°С.
  • 9 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –2…–4°С, күндіз +7…+9°С.

Бұған дейін Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы жұмыс аптасында ауа райының қандай болатындығын жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!