Жетісу облысында мұғалімдер шағымынан кейін мектеп директоры жұмысынан шеттетілді
© Фото: zakon.kz
Жетісу облысындағы мектептердің бірінің директоры лудоман күдігіне ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат алдымен өңірдегі әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланды:
"Көксу ауданындағы Қызылтоған ауылында мектеп директоры мұғалімдерден қарызға ақша алып, оған букмекерлік кеңселерде бәс тігіп ойнаған. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, 9 мұғалім ресми түрде арыз жазған. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 9 миллион теңге болады. Зардап шеккен мұғалімдердің айтуынша, арыз жазуға қорқып, үндемей отырған басқа да мұғалімдер бар. Осыған байланысты зардап шеккендердің нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін".
Көп ұзамай Көксу аудандық білім бөлімі аталған мәліметке қатысты пікір білдіріп, өздеріне 2025 жылғы 30 желтоқсанда мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебінің тоғыз педагогінен аталған білім беру ұйымының директорының әрекеттеріне қатысты арыз түскенін растады.
"Аталған арыз 2026 жылғы 5 қаңтарда Көксу ауданы бойынша полиция бөліміне жолданды. Қазіргі уақытта осы өтініш бойынша заңнама талаптарына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу әрекеттерінің жүргізілуіне байланысты Көксу ауданы бойынша білім бөлімі тарапынан 2026 жылғы 5 қаңтардағы бұйрықпен мектеп директорының қызметтік міндеттерін уақытша атқаруын шектеу шаралары қолданылды. Сонымен қатар, 2026 жылғы 6 қаңтарда аудан әкімінің орынбасарының, Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысының және ауылдық округ әкімінің қатысуымен Қызылтоған орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесу ұйымдастырылуда. Аталған мәселе аудан әкімдігі мен білім бөлімі тарапынан бақылауда және қолданыстағы заңнама шеңберінде қаралуда", делінген түсініктемеде.
Бұған дейін "Қазақстанда мемқызметкерлерге кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілгені рас па" деген сауалға ресми түсініктеме берілген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:02, 8 қаңтар 2026
Сиыр етін экспорттауға тыйым: Ауыл шаруашылығы министрлігі мұны алыпсатарлыққа байланысты түсіндірді
-
17:50, 7 қаңтар 2026
«Қайрат» сапынан негізгі құрамдағы екі ойыншы кетті
-
17:33, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:58, 7 қаңтар 2026
Талдықорғанда түтінге толған үйден жеті бала құтқарылды
-
15:58, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда Қазақстанның қай өңірлерінде жауын-шашын түсіп, боран соғады





