«Тұман, боран, көктайғақ». Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

21:28, 6 қаңтар 2026

© Сурет: pixabay

Астана және Қазақстанның 14 облысында 7 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодарда 7 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 7 қаңтарда жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларындағы екпіні - 15-20 м/с. Шымкент және Түркістан қалаларында 7 қаңтарда кей уақыттарда тұман болады деп болжанады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болып, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Атырауда 7 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 7 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болып, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15 м/с қамтиды.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 7 қаңтарда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде 7 қаңтарда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ұлытау облысының шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 7 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман түсетіні болжанады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында кей уақыттардағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 7 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын жүріп, түнде батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Астанада 7 қаңтарда аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер еліміздің ірі үш қаласы бойынша алдағы үш күнге (7,8,9, қаңтар) арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!