СҚО-да соңғы Ұлы Отан соғысы ардагері көз жұмды
© Сурет: Instagram/gaueznurmukhambetov
Солтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Щеглов қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабарды бүгін, 2026 жылғы 6 қаңтарда СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жеткізді.
"Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Васильевич Щеглов өмірден озды. 99 жасқа толуына небәрі бірнеше күн қалған еді. Ол өңірдегі соңғы ардагер болатын",- деп жазды әкім желідегі парақшасында.
Өңір басшысының айтуынша, Федор Васильевичтің өмірі – төзімділіктің, адалдықтың және Отанға шексіз сүйіспеншіліктің айқын үлгісі.
"Ол әскери жолын 17 жасында бастап, 371-ші атқыштар дивизиясының құрамында ауыр жылдарды өткерді. Соғыстан кейін құрылыс саласында еңбек етіп, бейбіт заманда да елге адал қызметін жалғастырды",- делінген жазбада.
Ғауез Нұрмұхамбетов жыл сайын мен Федор Васильевичке барып тұратынын атап өтті.
"Оның әңгімелері – даналыққа, Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы еді. Сол естеліктер әрдайым жүрегімізде сақталады. Жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Федор Васильевичтің ерлігі, еңбегі және жарқын бейнесі солтүстікқазақстандықтардың жадында мәңгі сақталады!".Ғауез Нұрмұхамбетов
Бұған дейін 2025 жылғы 23 желтоқсанда алматылық ҰОС ардагері 102 жасқа толғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 7 қаңтар 2026
«Қайрат» сапынан негізгі құрамдағы екі ойыншы кетті
-
17:33, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:58, 7 қаңтар 2026
Талдықорғанда түтінге толған үйден жеті бала құтқарылды
-
15:58, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда Қазақстанның қай өңірлерінде жауын-шашын түсіп, боран соғады
-
15:30, 7 қаңтар 2026
ШҚО-да полицейлер жүргізушілерді қар құрсауынан құтқарды





