ҰБТ-2026 байқау сынағына қатысушыларға дресс-кодқа қатысты мәлімет ұсынылды

18:34, 6 қаңтар 2026

© Фото: zakon.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) 2026 жылғы 6 қаңтарда Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысушыларға дресс‑код бойынша маңызды нұсқаулықпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оларға ҰБТ-ға қалай киініп келу керектігі көрсетілді.

"Тестіленушілердің тәртіптілігін қамтамасыз ету мақсатында ресми үлгідегі киіммен келу ұсынылады. Бұл ретте ҰБТ-ға міндетті түрде мектеп формасында келу талап етілмейді, алайда киім қатаң, ұқыпты және жалпыға ортақ әдеп нормаларына сай болуы тиіс", делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.

Бұған дейін ҰБТ-2026 байқау сынағына қатысушыларға арналған жағымды жаңалық жарияланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!