Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

09:18, 6 қаңтар 2026

© Сурет: pexels

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 5 қаңтардағы қаулысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мақсатында тиісті нормативтік құқықтық актілер мен техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін шайды әкелуге және сатуға тыйым салынды.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласында бақылау мақсатында сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары "күн батуы" (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталды, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.

Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталды, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.

Сурет: gov.kz

Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:

  • "Апамның шәйі Premium gold", "Al-Hayat" Golg, "БАЛҚИЯ Premium gold", өндірушісі "Orda Trade Astana" ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;
  • "Sultan Suleyman", "Pakistan tea", өндірушісі "Real Trade Astana" ЖШҚ (Астана қ.)
  • "БАЛҚИЯ Premium gold", өндіруші "Аль-Хадия" ЖҚ (Алматы қ.);
  • "Aje Onim", өндіруші "Орда Чай" ЖҚ (Алматы қ.) "Кальций" ЖШС тапсырысы бойынша:
  • "Al-Hayat" Golg, өндіруші "Empire KENIY E.P.Z. Limited" (Алматы облысы);
  • "Al-Jannat Premium", өндіруші "Ferdaus" ЖҚ (Алматы қ.);
  • "Alfarah" (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).

Бұған дейін 2026 жылы алматылықтардың еміне қанша ақша бөлінгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!