Ел азаматтарына құжаттарға қатысты маңызды ескерту жасалды

18:26, 6 қаңтар 2026

© Сурет: freepik

2026 жылғы 6 қаңтардан бастап 7 қаңтардың таңына дейін Қазақстанның электрондық үкіметінің сервистерінде техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты уақытша шектеулер туындайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел тұрғындарына жүгініп, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ") баспасөз қызметі осындай мәлімдеме жасады.

Мамандар техникалық жұмыстарды жүргізу сервистер мен жобаларды жетілдіру үшін қажет екенін баса атап көрсетеді.

"6 қаңтарда сағат 21:00-ден 7 қаңтарда 08:00-ге дейін "ҰАТ" АҚ алып жүретін жобалар қызметі қысқа мерзімге қолжетімсіз болуы мүмкін. Ықтимал қолайсыздықтардың алдын алу үшін барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтап, егер оларды техникалық жұмыстар кезінде ұсыну қажет болса, құжаттардың түпнұсқаларын дайындап қою қажет", делінген хабарламада.

Бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі бірінші вице-министр Ростислав Коняшкин жеке құжаттарды қайта рәсімдеуге арналған жаңа онлайн-қызмет іске қосылатынын мәлімдеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!