Whats App-тағы 25 топ және 2,8 млрд теңге шығын: Ақтауда ірі көлемде алаяқтық жасаған екі әйел сотталды

15:23, 6 қыркүйек 2024

© Фото: freepik

Ақтауда сот екі азаматшаны ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотталушылардың бірі қылмыстық ұйымды құрды және басқарды, алаяқтық жасады және Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды (жылыстатты) деп айыпталды. Екіншісі-қылмыстық ұйымға қатысты және алаяқтық жасады деп айыпталды.

Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2021-2023 жылдары "Whats App" желісінде 25-топ ашып, оған әкімгер ретінде өзінің таныстарын қойып, адамдарды топқа тіркелуге шақырып, онда төмен бағада ыдыс-аяқтар мен тұрмыстық техникалардың сатылатынын жарнамалап, сол арқылы жәбірленушілерден тауар алуға түскен ақшаларды иемденіп, өз қажеттілігіне жұмсаған.

Ол қылмыстық жолмен иемденген ақшаларды заңдастыру мақсатында, жылжымайтын және жылжымалы мүліктерге сату сатып-алу келісім-шарттарын жасаған.

Екінші сотталушы ашқан 4 топтың әкімшісі бола тұра, жәбірленушілерге (тұтынушыларға) топ арқылы жалған ақпараттар жарнамалар, алаяқтық әрекеттерге жәрдемдескен яғни, жәбірленушілерден тапсырыстар мен ақшаларды иемденіп, оның бір бөлігін өзіне қалдырып, қалған бөлігін "бизнес иесіне" аударып отырған.

"Сотталушылардың қылмыстық іс-әрекеттері салдарынан жалпы 294 жәбірленушіге 2,8 миллиард теңгеден астам материалдық шығын келген",- деп хабарлады сот.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілерден жауап алу хаттамаларымен, ақша аударымдарымен және істегі басқада дәлелдермен дәлелденді.

Сот үкімімен бірінші сотталушы қалған баптар бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 9 жылға 8 айға бас бостандығынан айырылды. Екінші сотталушы 6 жылға 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленушілердің талап арыздары толық қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!