16 қыркүйек күні Алматыда қандай жолдар жабық болатындығы белгілі болды

11:08, 16 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Алматы қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 16 қыркүйек күні жабық болатын жолдар мен енгізілетін шектеулер жайлы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 қыркүйекте сағат 11:00-ге дейін Бекмаханов пен Жансүгіровтің батыс бұрылыстарында қозғалыс жабылады. Айналма жол Бурундай, Солтүстік айналма көшелерімен қамтамасыз етіледі.

16 қыркүйекте сағат 11:00-ге дейін Қабдолов учаскесінде Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейін қозғалыс жабылады. Айналма жол Жұмабаев және Төле би көшелерімен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, 16 қыркүйекке дейін Панфиловтан Абылай ханға дейін Төле би көшесі жабылды.

Алматыда жол апатына ұшыраған көлік әйнек аялдаманы күл-талқан етті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!