Астанада мас күйінде қайыр тілеген ер адам сотталды

17:03, 15 қыркүйек 2024

© Сурет: Facebook/Астана соттары

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғамдық орында айналасындағылардың мазасын алу фактісі бойынша ер адамға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, азамат И. алкогольдік масаң күйінде қоғамдық орында бола тұра қайыр сұрап, көлік жүргізушілерінің мазасын алған. Бұған дейін құқық бұзушы ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі бойынша осы тектес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған ескерту түрінде жаза тағайындалғаны да белгілі.

Сот отырысы барысында И. өз кінәсін толық мойындап, әрекетті алкогольдік масаң күйде болғандықтан жасағанын айтты.

"Сот қаулысымен құқық бұзушы И. ҚР ӘҚБтК 449-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!