Нигерияда жойқын су тасқынын пайдаланған 300-ге жуық тұтқын түрмеден қашып кетті

09:32, 16 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Нигерия түзеу қызметінің мәліметі бойынша, елдегі су тасқынынан кейін кем дегенде 274 тұтқын Борно штатындағы түрмеден қашып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN мәліметінше, қарғын су түзеу мекемелерінің қабырғаларын, оның ішінде күшейтілген режимдегі Майдугури түзету орталығын, сондай-ақ қаладағы тұрғын үйлерді қиратты

Кем дегенде 281 тұтқын "қауіпсіз мекемеге" ауысу кезінде қашып үлгерді және олардың жетеуі кейінірек ұсталды.

Қауіпсіздік органдары қашқындардың жеке басын, соның ішінде олардың биометриясын анықтап және бұл ақпаратты "көпшілікке қолжетімді" етті.

Қазіргі уақытта тұтқындарды іздеу жалғасуда.

15 қыркүйекте Швейцарияда сұлу келіншек аса қатыгездікпен өлтірілгенін жазған едік. Оны күйеуі тұншықтырып өлтірген. Қылмыс ізін жасыру үшін ол денені бөлшектеп, тіпті кейбірін блендермен (ет уатқыш) айналдырған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!