Алматыдағы Қала күні. Әкімдік көлік кептелісіне қатысты ескерту жасады

16:39, 15 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына Медеу шатқалына көтерілер кезде жеке көліктерін тастап, қоғамдық көліктерді пайдалану ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осындай өтінішпен мегаполис әкімдігі қала тұрғындары мен туристерге жүгінді.

"Көліктердің үлкен ағынына байланысты Медеу шатқалындағы қозғалыс қиындаған. Осыған байланысты қоғамдық көлікті пайдалануларыңызды сұраймыз", делінген хабарламада.

Әкімдіктегілер Медеуге қатынайтын № 12 бағдардағы 16 автобусқа тағы 20-сы қосылғанын нақтылайды.

Медеу, көлік кептелісі, Қала күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2024 16:39

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!