Дэвис кубогы-2024: Теннистен Қазақстан құрамасы жанкүйерлерін жерге қаратты

16:25, 15 қыркүйек 2024

© Сурет: ktf.kz

Теннистен Қазақстан құрамасы Даниядан өз алаңында таза ұтылып, топ бойынша бір сатыға төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының I әлемдік тобы аясында Данияға қарсы үшінші кездесуін өткізді (14-15 қыркүйек, Beeline Arena, Астана). Александр Бублик пен Александр Недовесов жұбы 6:7, 3:6 есебімен екі сетте де даниялық Хольмгрен мен Ингильдсенге жол берді, деп жазады sportarena.kz.

Үш кездесуде де даттықтар оқ бойы озық шықты. Есеп - 3:0. Осылайша Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының финалына арналған жолдаманы сарапқа салатын іріктеу ойындарына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Қазақстан 11 жылда алғаш рет Дэвис Кубогында өз алаңында ұтылып тұр. Енді біздің теннисшілер әлемдік II топта өнер көрсетеді.

Теннистен Қазақстан құрамасы 2024 жылы 14 қыркүйекте Данияға қарсы ойындарды бастады. Кортқа алғашқылардың бірі болып Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик шықты. Ол Эльмер Мюллерге есе жіберді. Одан кейін өнер көрсеткен Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко (әлемнің 57-ракеткасы) Август Хольмгреннен (әлемнің 166-ракеткасы) жеңілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!