Қостанай облысында тілсіз жаудан 3 адам құтқарылды

09:41, 16 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

16 қыркүйекке қараған түні Қостанайлық өрт сөндірушілер Жітіқара қаласындағы жеке тұрғын үйдің бірінің аумағында дәліздің өрттенуі анықталған шақыртуға барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД қызметкерлері жанып жатқан үй-жайдан 3 адамды құтқарып алып шықты.

Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, үйді аман алып қалды.

Түтінді шығару және шатырдағы температураны төмендету үшін дәліздің шатырын ашып, өртті 40 шаршы метр алаңда сөндірді.

Сондай-ақ, 15 қыркүйекте Атырау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан өрт шығып, құтқарушылар 40 адамды эвакуациялады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!