Дэвис кубогында Бейбіт Жұқаев қарсыласын жеңді

17:49, 15 қыркүйек 2024

© Сурет: Instagram/zhukayev, audartsev

Дэвис Кубогының I әлемдік тобы аясында Данияға қарсы ойындарда отандық теннисші Бейбіт Жұқаев жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейбіт Жұқаев дат теннисшісі Филипп Хьортқа қарсы ойын өрнегін көрсетті. Есеп – 2:1 (3:6, 6:4, 10:8).

Бұған дейінгі үш кездесуде қатарынан Дания құрамасына жол берген Қазақстан Дэвис Кубогының финалына арналған жолдаманы сарапқа салатын іріктеу ойындарына қатысу мүмкіндігінен айырылған еді.

Қазақстан 11 жылда алғаш рет Дэвис Кубогында өз алаңында ұтылып тұр. Енді біздің теннисшілер әлемдік II топта өнер көрсетеді.

Теннистен Қазақстан құрамасы 2024 жылы 14 қыркүйекте Данияға қарсы ойындарды бастады. Кортқа алғашқылардың бірі болып Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик шықты. Ол Эльмер Мюллерге есе жіберді. Одан кейін өнер көрсеткен Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко (әлемнің 57-ракеткасы) Август Хольмгреннен (әлемнің 166-ракеткасы) жеңілді. Ал бүгін Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының I әлемдік тобы аясында Данияға қарсы үшінші кездесуін өткізді. Александр Бублик пен Александр Недовесов жұбы 6:7, 3:6 есебімен екі сетте де даниялық Хольмгрен мен Ингильдсенге жол берді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!