Владимир Путин Астанаға келді

09:00, 3 шілде 2024

© Сурет: primeminister.kz

3 шілде күні таңертең Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.

Ердоған мен Путиннің Астанада Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесін талқылауды жоспарлап отырғанын бұған дейін хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!