Түрген шатқалына баратын жол сел жүру қаупіне байланысты жабылды

14:08, 5 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

Алматы мен таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауып, секундына 15 метр жылдамдықпен жел соғады.

Соңы бұршаққа ұласуы мүмкін. "Казгидромет" мамандары осылай деп хабарлады.

Сондай-ақ, Түрген, Батан ауылы, Ассы обсерваториясы тас жолы сел жүру қаупіне байланысты уақытша жабылды.

"Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" демалушылар мен туристерді экологиялық бекеттен саябақ аумағына жібермейді, деп жазады qazaqstan.tv.

Алдағы тәуліктерде құбылмалы ауа райы сақталады, дейді мамандар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!