Тоқаев «ШЫҰ плюс» қатысушыларына: «Бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр

16:23, 4 шілде 2024

© Сурет: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ плюс отырысына қатысушылар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы бүгінде әлем бұрын-соңды болмаған геосаяси қайшылықтар мен шиеленіс әлеуетінің күшеюінен туындаған күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті.


"Халықаралық қауіпсіздік архитектурасына қауіп төніп тұр, бұл бүкіл адамзат үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.Осындай тағдыршешті кезеңде бізге өңірлік және жаһандық деңгейде ұжымдық күш-жігер арқылы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін орасан зор жауапкершілік жүктеледі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, ШЫҰ өзінің беделін, елеулі экономикалық және адами ресурстарын ескере отырып, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және заманауи сын-қатерлерді еңсеру үшін тиімді шешімдер әзірлеуге қабілетті.

Бұған дейін елордадағы Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ның кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды. Оған қатысушылар бірлік, келісім және даму мәселелерін талқылайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!