Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысушыларға сындарлы сұқбат үшін алғыс айтты

18:23, 4 шілде 2024

© Сурет: Ақорда

4 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысқан мемлекет басшыларына жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өз сөзінде Президент барлығына сындарды сұқбат үшін алғыс айтты.

"Құрметті мемлекет басшылары, қымбатты достар, біз ШЫҰ туының астында одан әрі қарай даму, өзара іс-қимыл турасында жан-жақты пікір алмастық. Сіздер ұсынған ауқымды бастамалар ШЫҰ кеңістігінде және одан тыс жерлерде мығым бейбітшілік пен көпжақты ынтымақтастықты, тұрақты прогресті қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенімдімін. Сіздерге сындарлы сұқбат үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Соңында Қытай Халық Республикасының аса құрметті төрағасы Си Цзиньпинге алдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының төрағалық қызметінде табыс тілегім келеді". Қасым-Жомарт Тоқаев

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!