Тоқаев ҰҚК-ге жаңа мүмкіндіктер берді

14:54, 5 шілде 2024

© Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 1 шілдедегі жарлыққа қол қойып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ереже жаңа мүмкіндіктермен толықтырылды:

  • ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары әскери, арнаулы оқу орындарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту.

Тағы екі қосымша қызметтік пайдалануға жатады.

Жарлық 2024 жылғы 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!