Венгриядағы турнир: Алтын Шагаева әйелдер күресінен қола медаль үшін таласады

19:02, 17 шілде 2026
MKZ: 1556745

© Сурет: olympic.kz

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир жалғасуда. Бүгін, 17 шілдеде грек-рим және әйелдер күресінен бәсекелер өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәтижесінде Алтын Шагаева финалдық кезеңге жолдама алды. Ол қола жүлде үшін өтетін белдесуде норвегиялық Отелия Хёйемен кездеседі.

Ал Ирина Кузнецова (62 келіге дейін), Қызжібек Жарқынбаева (65 келіге дейін), Дінмұхамед Қошқар, Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін), Ирина Казюлина (68 келіге дейін) жұбаныш белдесуінде күреседі.

Айта кетейік, финалдық кезең бүгін өтеді.

Бұған дейін қазақстандық балуандар Венгриядағы рейтингтік турнирде алты медаль жеңіп алғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!