«Басыңды жұлып аламын!». Қостанайда ақ халаттыға көрсетілген қоқан-лоқы видеоға түсіп қалған
© Сурет: Zakon.kz
Қостанай полициясы жергілікті дәрігер жұмыс орнынан түсірілген видеоны жариялағаннан кейін тексеруді бастады. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода ер адам ақ халаттыға қоқан-лоқы көрсетіп, оны әбден қорлайтын сөздер айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зардап шеккен қызметкер болған оқиғаны жасырып қалмай, медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігіне қоғамның назарын аудару үмітімен әлеуметтік желіде жария еткен.
"Мен мұны бізді аясын деп жариялап отырған жоқпын. Бүйткен себебім, үнсіздік мұндай жағдайларды үйреншікті әрі қалыпты ете түседі. Ал ондайды қалыпты жағдайға айналдыруға болмайды. Біз, медицина мамандары жұмысқа адамдарды емдеу, көмектесу және қолдау үшін келеміз. Бірақ, әдеттегі жұмыс күнінің орнына қорлауға, қорқытып-үркітуге жиі тап болып жатамыз", деп жазады зардап шегуші Threads әлеуметтік желісінде.
Медицина қызметкері өз жазбасы астына видеоны да тіркей кеткен. Одна агрессивті адамның ақ халаттының жеке басына өтіп, физикалық күш қолданатынын айтып, ант-су ішкенін естуге болады.
"Сенің басыңды жұлып аламын! Бетпақтығың үшін сені күл-талқан етемін! Ұятсыз, айуан", - дейді экраннан ар жағындағы ер адам.
Резонансқа ие болған бұл видео желіде тез тарап, наразы қауым бұл басбұзарды дереу тауып, жазалауды талап етті.
Қостанай облысының полиция департаменті бұл факт бойынша ресми тексеру басталғанын хабарлады. Тәртіп сақшылары агрессор өз әрекеттері үшін жазадан құтыла алмайтындығын айтып сендіреді.
"Қазіргі уақытта медицина қызметкерін қорлаған адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталуда, ол міндетті түрде жауапқа тартылатын болады", деп хабарлады 2026 жылғы 17 шілдеде Zakon.kz тілшісіне ПД-дан.
Бұған дейін Астана тұрғыны СОБР қызметкерлері өзін аяусыз соққыға жыққанын айтып шағымданғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:49, 17 шілде 2026
Баян Алагөзова Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады
-
20:24, 17 шілде 2026
Ақмола облысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі тергелуде
-
19:26, 17 шілде 2026
Қостанай облысында жүргізуші куәлігінсіз жүк көлігін басқарған ер адам ұсталды
-
19:02, 17 шілде 2026
Венгриядағы турнир: Алтын Шагаева әйелдер күресінен қола медаль үшін таласады
-
18:53, 17 шілде 2026
ШҚО тұрғыны 6,6 млн теңгеге жүргізуші куәлігін сатып алуға болады деп сенген





