Түркістан облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
© Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында жеті адамның өмірін қиған ауыр жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 2026 жылғы 15 шілдеде Байдібек ауданындағы Шаян – Екпінді автожолында болған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, түнгі уақытта аталған тасжолда Toyota Camry және Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеті адам оқиға орнында қаза тапқан.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне 2026 жылғы 17 шілдеде.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайын ескере отырып қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, сондай-ақ көлік басқару кезінде барынша мұқият болуға шақырды.
Бұған дейін Алматыда BMW көлігі Өнер музейі алдындағы сәндік шарға соғылғанын, жол апатынан жарақат алған жас жігіт пен бойжеткен ауруханаға түскенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:11, 15 тамыз 2026
Атырауда колонияға тыйым салынған затты тағам арасына жасырып өткізбек болғандар ұсталды
-
18:37, 15 тамыз 2026
Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды
-
16:37, 15 тамыз 2026
Астана – Щучинск тасжолында жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, жол апатына түсті
-
15:37, 15 тамыз 2026
Бұршақ, дауыл және аптап ыстық: 16 тамызда елде ауа райы қандай болады
-
15:29, 15 тамыз 2026
Канье Уэст концерті 15 тамыз күні сағат 21:00-де өтеді





