Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды
© Сурет: gov.kz
Серік Шәпкенов 2026 жылғы 17 шілдеден бастап Атырау облысының әкімі қызметін атқармайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған ресми ақпараттан белгілі болды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Серік Шәпкенов 1979 жылғы шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаратөбе ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000–2001 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құрылымдарында қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалану, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, ауыл шаруашылығы салаларында түрлі қызметтер атқарды.
Сондай-ақ:
- 2012 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және бірінші орынбасары болды;
- 2015–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды;
- 2016–2018 жылдары Атырау қаласының әкімі болды;
- 2018–2020 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды;
- 2020–2021 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды;
- 2021 жылдан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.
- 2022 жылғы 7 сәуірде Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:31, 7 тамыз 2026
Полиция елдегі барлық жүргізушіге жолдағы маңызды ережені еске салды
-
20:02, 7 тамыз 2026
Тоқаев көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты
-
19:52, 7 тамыз 2026
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жартылай финалына шықты
-
19:40, 7 тамыз 2026
Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады
-
19:28, 7 тамыз 2026
Алматы облысының тұрғыны әйелді аңдығаны үшін сотталды





