Камбоджа премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты еліне шақырды
© Сурет: primeminister.kz
Шанхайда өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференция аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстан Камбоджамен берік достыққа және өзара құрметке негізделген серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді.
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін әлеует мол екенін атап өтті.
Президенттің пікірінше, тауар айналымын арттыратын перспективті бағыттар қатарына ауыл шаруашылығы, тоқыма өндірісі, туризм, құрылыс, тағам өнеркәсібі, көлік-логистика салалары кіреді. Атап айтқанда, еліміз бидай, тыңайтқыш және басқа да аграрлық өнімдер тасымалын ұлғайтуға әзір.
Бұдан бөлек, БҰҰ электрондық үкіметті дамыту индексіндегі үздік 24 елдің сапына енетін Қазақстан озық технология саласындағы тәжірибесімен бөлісе алады.
Өз кезегінде, премьер-министр Хун Манет Камбоджаның Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін растады.
Ол екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайтудың маңызына тоқталып, бірлескен жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында Президент пен Премьер-министр жаһандық және аймақтық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты.
"Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК қызметіне қолдау көрсеткені үшін Камбоджа тарапына ризашылық білдірді. Сондай-ақ Премьер-министрге Астананың БҰҰ жанынан Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастама көтергенін айтты". Ақорда
Кездесу соңында Хун Манет Қазақстан президентін өзіне қолайлы уақытта Камбоджаға сапармен келуге шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:11, 15 тамыз 2026
Атырауда колонияға тыйым салынған затты тағам арасына жасырып өткізбек болғандар ұсталды
-
18:37, 15 тамыз 2026
Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды
-
16:37, 15 тамыз 2026
Астана – Щучинск тасжолында жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, жол апатына түсті
-
15:37, 15 тамыз 2026
Бұршақ, дауыл және аптап ыстық: 16 тамызда елде ауа райы қандай болады
-
15:29, 15 тамыз 2026
Канье Уэст концерті 15 тамыз күні сағат 21:00-де өтеді





