Үстірт қорығында сирек кездесетін тіршілік иесі бой көрсетті

14:38, 30 желтоқсан 2024

© Сурет: wikimedia

Үстірт қорығында (Маңғыстау облысының Қарақия ауданы) елімізде сирек кездесетін итаюды суретке түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 30 желтоқсанда Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері А.Пулатов Қазақстанның шектеулі аумағында ғана кездесетін сирек жыртқыш — итаюды фотоға түсірді.

"Итаю Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Үстіртте терең шатқалдарды, карстық қуыстарды, сайлар мен өсімдіктері әртүрлі учаскелерді, соның ішінде сексеуіл, баялыш және қараған өскен жерлерді мекендейді. Бұл жануар негізінен ымырт пен түнде белсенді, бірақ қыста күндіз де аңғарылуы мүмкін. Итаю жылына бір рет көбейеді, ал суық күндерде қысқа мерзімді ұйқыға кетеді",- делінген комитет ақпаратында.

Қорық қызметкерлерінің жұмысы арқасында итаю сияқты сирек кездесетін жануарлар туралы жаңа деректер анықталуда. Бұл Үстірт қорығының биоалуантүрлілікті сақтау ісіндегі маңыздылығын көрсетеді.

Бұған дейін су тасқыны кезінде дамба салуға көмектескен итке арнап ескерткіш жасалғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!