Петропавлда Жаңа жылда аяғын сындырып алып, есігін іштен аша алмаған екі әйелге көмек көрсетілді
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары Жаңа жылда екі бірдей құтқару операциясын сәтті іске асырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қаңтарда Петропавлда төтеншеліктерге 1949 және 1952 жылғы екі әйелге қатысты екі шақырту келіп түскен. Үйлерінде жалғыз болған екеуі де аяғын сындырып алып, туыстары келгенде есікті аша алмаған. Ал туыстары өз кезегінде құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Оқиға орындарына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері альпинистік жабдықтардың көмегімен шатырдан арқылы пәтерлерге кірген.
"Кәсібилігі, жанқиярлығы мен кез келген уақытта дайын болғандары үшін батырларымызға алғыс білдіреміз!" - деді көмек сұраған адамдар.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:38, 4 қаңтар 2025
Гонконг робототаксиді іске қосуды жоспарлап отыр
-
12:29, 4 қаңтар 2025
Түркістан облысында полицейлер жүргізушілерге көмекке келді
-
12:16, 4 қаңтар 2025
Қазақстан сыбайлас жемқорлықты түпкілікті жеңе ала ма және мемлекет қандай шараларды қолға алуда
-
12:10, 4 қаңтар 2025
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
-
11:55, 4 қаңтар 2025
Оңтүстік Кореяда президентті тұтқындау операциясы сәтсіз аяқталды