Қостанайда қарлы боран: құтқарушылар қызу жұмысқа кірісті
© Фото: pixabay
2025 жылғы 2 қаңтарда Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығы орын алды. Облыста қарлы боран мен үскірік аяз жүруде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанайлық құтқарушылар қиын жағдайға тап болған азаматтарға дереу қол ұшын созуда.
Мәселен, ТЖМ қызметкерлері іздестіру-құтқару жұмыстарын аяқтады. Жангелді ауданы Шұбалаң ауылынан 1974 жылы туған ер адам мал бағуға шығып, қайтып оралмаған. Мазасызданған туыстары құтқарушылардан көмек сұрады.
"Іздеу жұмыстарына құтқарушылармен бірге полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты. Бірелскен күштердің көмегімен малшы ауылдан 10 шақырым жерден табылды. Ол бағдарынан айырылып, қатты боран жағдайында адасып кеткен екен",- делінген ведомство ақпаратында.
Ал, Қарасу ауданында жедел жәрдем науқасқа жете алмаған. Ауа-райының нашарлап, қатты боран салдарынан жол болмай, Новоселовка ауылына 1966 жылы туған әйелге көмек көрсету үшін жедел жәрдем автокөлігі шақыртуға шыға алмай қалған.
"Ақ халаттылар ТЖМ құтқарушыларының көмегіне жүгініп, олар өз орнына жол талғамайтын арнайы көлікпен жолға аттанды. Осылайша жолдың күрделі учаскесін аман-есен еңсере отырып, құтқарушылар ауыр науқасты ауруханаға жеткізді".ТЖМ баспасөз қызметі
Бұған дейін еліміздің тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:38, 4 қаңтар 2025
Ұлытау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
-
19:49, 4 қаңтар 2025
Алматының солтүстік-шығысында жер сілкінді
-
19:44, 4 қаңтар 2025
Семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы: София Актаева алтын медаль жеңіп алды
-
18:00, 4 қаңтар 2025
БҰҰ: Газа секторында науқастарды емдеу мүмкін емес
-
17:48, 4 қаңтар 2025
Қытайдағы көкөніс базарында бірнеше адам тірідей өртенді