Ақтөбе облысында Жаңа жыл түні ер адам электр қосалқы станциясында көз жұмды

16:25, 2 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Ақтөбе облысындағы электр қосалқы станциясында Жаңа жыл түні ер адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол электр тоғының соғуынан көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" мәліметінше, қайғылы оқиға 2024 жылғы 31 желтоқсан күні кешке К.Нокина ауылында болған. Ол жерге 38 жастағы ер адам электр қуатының өшуін тексеруге барған, артынша қосалқы станция өртеніп кетті.

"Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өлімнің алдын ала себебі — электр тогының соғуы",-деп хабарлады Ақтөбе облысы Департаментінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысында Жаңа жыл түні ер адам электр қосалқы станциясында көз жұмды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2025 16:25

Сурет: скриншот/mgorod.kz

Бұған дейін Түркістандық полицейлердің боранды күні жолда қалған 60 көлікке көмек көрсеткені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!