Өрт сөндірушілер қызыл жалынның арасынан 7 адамды алып шықты

11:59, 2 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Шымкентте 2025 жылғы 2 қаңтарда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 7 адамды эвакуациялады, де хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Әл-Фараби ауданында Анарова көшесіндегі алты қабатты тұрғын үйде орын алған. Онда 2 қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт шықты.

"Жедел келген өрт сөндірушілер 6 ш.м.. алаңдағы өртті сөндіріп, көрші пәтерлерден 7 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда",- делінген құтқарушылар ақпаратында.

Бұған дейін Қостанайдағы қарлы боранға қарамастан құтқарушылардың қалай қызмет етіп жатқандығы жайлы жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!