Алматыда екі ер адамнан 190 sim-карта мен sim-box құрылғылары тәркіленді

12:47, 2 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Алматылық полицейлер 25 жастағы екі жгітті ұстап, олардан 190 sim-карта мен sim-box құрылғыларын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 2 қаңтарда ІІМ мәлімдеді.

Ведомство дерегінше, республиканың аумағында түрлі мессенджерлер арқылы қазақстандықтарға қоңырау шалу үшін интернет-алаяқтар sim-box құрылғыларын пайдаланады.

"Адамдарды алдау үшін қылмыскерлердің белгілі бір елде болуы міндетті емес. Sim-box құрылғыларының болуы жеткілікті. Олар жергілікті ұялы байланыс операторларының интернет–трафигін қолдана отырып, жалған нөмірлермен байланыс орнатуға мүмкіндік береді",- делінген ақпаратта.

Жаңа жыл қарсаңында ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен Алматы ПД полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде sim-box құрылғысының үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен 25 жастағы екі жігітті ұстады.

"Жедел уәкілдер пәтерді тінту кезінде әрқайсысы 32 слоттық төрт sim-box құрылғысын және қазақстандық ұялы байланыс операторларының 190 sim-картасын, бірнеше телефон мен ноутбуктарды тәркіледі". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!