Тоқаев Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

16:36, 2 қаңтар 2025

© Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 2 қаңтарда Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.


"Мемлекет басшысы Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, АҚШ Президенті мен жақынынан айырылған отбасыларға өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, мұндай қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.

Бұған дейін Таиландта жол апатынан 8 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!