Тоқаев Путинмен арадағы келіссөз туралы: Іскерлілігімен, ашықтығымен ерекшеленді

22:20, 27 қараша 2024

© Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин 2024 жылғы 27 қарашада кеңейтілген форматтағы келіссөздерден және Бірлескен мәлімдемеге қол қойғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаев Владимир Путиннің мемлекеттік сапары Қазақстан-Ресей қатынастарының дамуындағы маңызды кезеңді қамтитын шын мәнінде тарихи оқиға болғанын атап өтті.

"Бүгін шағын және кеңейтілген құрамда өткен кездесулер мен келіссөздер іскерлілігімен, ашықтығымен ерекшеленді және шын мәнінде нәтижелі болды. Біз екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымын талқылап, стратегиялық әріптестігіміздің перспективалары мен бағыттарын белгіледік. Күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, екіжақты қатынастар өрлеуші бағытта қарқынды дамып келеді деген ортақ пікірге келдік", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, келіссөздер барысында экономикалық мәселелерге басымдық берілді.

"Негізгі міндеттер ретінде стратегиялық қатынастардағы ынтымақтастықты тереңдету және өзара тауар айналымын одан әрі арттыру жайы бөліп-жара қарастырылды. Осы мақсатта 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасын, 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын қоса алғанда, үкіметаралық құжаттар пакеті қабылданды. Өткен өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі елдің өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының жаңартылған үкіметаралық бағдарламасына қол қойылды", - деп сөзін толықтырды президент.

28 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті сессиясы өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!