ҰҚК ірі көлемде есірткі сақтаған қазақстандықты ұстады

13:46, 23 қаңтар 2025

© Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі жеткізудің өңірлік арнасының жолын кесті.

Есірткі тасымалдау кезінде "наркокурьер" ұсталды. Көлікті тексеру барысында 45 кг гашиш пен 312 кг марихуана табылып, тәркіленді.

Бұдан өзге, тінтулер нәтижесі бойынша қосымша 1,6 тонна марихуана, сондай-ақ 1 кг гашиш тәркіленген.

Есірткі Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көтерме және бөлшек саудаға арналған екені белгілі.

"Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды." ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!