«Қар, боран, көктайғақ». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
© Сурет: pixabay
Синоптиктер 23 қаңтарда Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қалың қар түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с және одан асады деп күтіледі. Талдықорғанда күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қар жауып, тұман түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте түннің бірінші жартысында қар жауып, тұман түседі деп күтіледі.
Абай облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде де қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі, түнде таулы аудандарында қалың қар түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Кей уақыттарда тұман болады, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с
Астанада 23 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде қар бұрқасындатып, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында түнде де, күндіз де қар жауады деп күтіледі. Жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда түнде де, күндіз де аздап қар жауады деп күтіледі. Жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Түнде Қызылорда облысының шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысында батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда түнде жаяу бұрқасын жүреді, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда да оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қонаевта кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Бұған дейін Алматының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының күрт құбылуына байланысты тұрғындарға ескерту жасағаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:09, 22 қаңтар 2025
Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
-
22:19, 22 қаңтар 2025
«СҚ-Фармация» БҚДА сынынан кейін отандық дәрі-дәрмектерді сатып алудың алгоритмін ұсынды
-
21:54, 22 қаңтар 2025
Саран қаласындағы дүкендердің біріне түскен ұры сатушыны өлтірді
-
21:36, 22 қаңтар 2025
Трамп Путинді Украинадағы соғысты доғаруға шақырды
-
20:54, 22 қаңтар 2025
Антикор мүгедектікті тіркеуде медициналық сараптамаға қатысты 5 мыңнан астам айла-шарғыны анықтады