Саран қаласындағы дүкендердің біріне түскен ұры сатушыны өлтірді
© Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде Қарағанды облысының Саран қаласындағы дүкендердің бірінде аса қатыгездікпен кісі өлтіру фактісі тіркелген видео тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеода ер адамның қарсылық көрсеткен сатушыға шабуыл жасағаны көрінеді. Ұры әйелдің кеуде тұсына пышақ сілтейді. Бұл фактіні Zakon.kz сайтына Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Саран қаласының 27 жастағы тұрғынының денесі табу фактісі бойынша зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар қылмыстық іс қозғалды. Күдікті адамды анықтау және ұстау мақсатында облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағдар берілді", делінген хабарламада.
Полиция департаменті қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бұған дейін әлеуметтік желіде өз отбасы мүшелерін бауыздады деген күдікпен 21 жастағы астаналықты ұстау сәтінің видеосы тараған. Алдын ала болжам бойынша, жанжал телефонға байланысты шыққан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 17 қараша 2025
БҚО-да екі көлік бетпе-бет соқтығысып, сегіз адам қаза тапты
-
22:29, 17 қараша 2025
Жамбыл облысында қызын балағаттаған ер адам сотталып кете жаздады
-
22:12, 17 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: таеквондошы Бауыржан Хасенов күміс медаль иеленді
-
22:05, 17 қараша 2025
Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:36, 17 қараша 2025
Тоқаев Мирзиёевке қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, Өзбекстанға жасаған сапарының тарихи мәніне тоқталды





