Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

© Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Ресей тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылы 22 қаңтарда ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
"Министрлер мемлекет басшыларының тапсырмаларын уақытылы іске асыруға баса назар аудара отырып, 2024 жылғы екіжақты өзара іс-қимылды қорытындылады, сондай-ақ биік және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды. Тараптар Қазақстан-Ресей қатынастарының даму динамикасын жоғары бағалады және түрлі салалардағы стратегиялық серіктестікті нығайту жоспарларын талқылады", делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар халықаралық күн тәртібі мен көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өткені де нақтыланады.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді Украинадағы әскери қақтығысты дереу тоқтатуға және келісімге келуге шақырғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:24, 13 ақпан 2025
Көлік, ЭЦҚ және әлеуметтік қызметтер: Алматының ХҚКО қандай қызметке жиі тапсырыс беріледі
-
11:15, 13 ақпан 2025
Қызылорда облысында киік мүйізін тасымалдаған тұрғын ұсталды
-
11:07, 13 ақпан 2025
Ақтөбе облысында қызмет барысында көз жұмған жұмысшының туыстары еңбек комиссиясының шешіміне наразы
-
10:54, 13 ақпан 2025
Алматыда тағы бір инновациялық шығармашылық орталығы ашылады
-
10:41, 13 ақпан 2025
Қазақстандағы жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оған кім құқылы және оған қалай жүгінуге болады