Сауда министрлігі картоп бағасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
© Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова ауыл шаруашылығы министрлігі, әкімдіктер, сауда желілері мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өкілдерімен жиын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жиында нарықты картоппен қамту және бағаны тұрақтандыру шаралары талқыланды.
Айжан Бижанованың айтуынша, еліміздегі ірі сауда желілері, оның ішінде Magnum, Small, Anvar және "Дина", фермерлерден тікелей 1,5 мың тонна картоп сатып алу бойынша келісімшарт жасауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар сауда желілері өнімді шаруашылықтан өздері алып кетуге дайын.
"Әкімдіктер өздерінің қажеттіліктерін, соның ішінде сауда желілеріне арналған көлемдерді көрсетуі қажет, бұл нарықтағы сұранысты жылдам қанағаттандыру үшін маңызды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен сауда нүктелері арасында тығыз байланыс орнату өте маңызды", - деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі.
Сондай-ақ ол азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру тізбегіндегі делдалдық схемаларды зерттейтін өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейту қажеттілігіне назар аударды. Сонымен бірге, бірінші вице-министр фермерлермен жұмыс жүргізуді, картоп пен басқа да өнімдердің көтерме бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелерін қарастыруды тапсырды.
Айта кету керек, биылғы жылы Сауда комитетінің өңірлік департаменттері 20 өңірлік комиссия өткізіп, оның нәтижесінде 49 заңбұзушылық анықталды. Олардың арасында картоптың әлеуметтік маңызы бар өнім ретінде сауда үстемесін 15%-дан арттыру фактілері тіркелді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 23 қаңтар 2025
Бейбіт Жұқаев қазақстандық дербиде жеңіске жетіп, Португалиядағы турнирдің 1/4 финалына шықты
-
22:24, 23 қаңтар 2025
Батыс Қазақстан облысында екі оқушы қыз жүкті болып қалды
-
22:04, 23 қаңтар 2025
Ақтөбеде танысын өлтіріп, оның денесін тоңазытқышта сақтаған күдіктілерге қатысты сот басталды
-
21:53, 23 қаңтар 2025
Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен ер адам қамалып, ал әйелі айыппұл арқалады
-
21:45, 23 қаңтар 2025
Саранда дүкен сатушысын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды