Мүгедек адамның атындағы алаяқтық жолмен тіркелген автонесие 10 жылдан кейін кешірілді
© Сурет: pixabay
Алаяқтар 2014 жылы ерекше қажеттіліктері бар тұлғаның атына автокөлік рәсімдеген. Жәбірленуші бала кезінен мүгедек болып табылатыны және психоневрологиялық диспансерде есепте тұратыны анықталды. Бұл туралы ақпаратпен қалалық прокуратура бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство мәліметінше, қаскөйлер психикалық ауруды пайдаланып, жәбірленушіні Қостанай облысынан Астана қаласына жеткізіп, алаяқтық жолмен оған 5 млн теңге көлемінде автонесие рәсімдеген.
"Есіл ауданы прокуратурасы қылмыстық іс бойынша жәбірленушіні әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сотқа талап арыз жолдады. Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды. Нәтижесінде прокуратураның көмегімен 10 жылдық несиелік қарыз толығымен есептен шығарылды. Қазіргі уақытта қылмыс жасаған адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізілуде". Астана қаласының прокуратурасы
Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мәселесі елорда прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Бұған дейін Қазақстанда халық пен бизнеске берілген несиелер көлемі 40 трлн теңгеден асқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 18 наурыз 2026
Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта Қазақстан чемпионы атанды
-
22:11, 18 наурыз 2026
Ұлттық киім күніне арналған мерекелік шеруге 5 мыңға жуық атыраулық қатысты
-
21:56, 18 наурыз 2026
Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Азия чемпионаты алдында шешуші дайындық кезеңін өткізіп жатыр
-
21:22, 18 наурыз 2026
Абай облысында инвестициялық бағдарлама арқылы жоғары табыс табуға уәде берген алаяқ ұсталды
-
20:40, 18 наурыз 2026
19 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды





